Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресейлік Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қорымен бірлесе отырып “Ресейдің үздік кітаптары” атты көрме ұйымдастырды және Орталыққа кітаптар табыстау рәсімін өткізді.
Ресейлік Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қоры Ұлттық кітапхана қорына «Большая иллюстрированная энциклопедия «Русскій МІР», «История сталинского Гулага» (7 т.т), «Ежегодник рукописного отдела Пушкинского дома», «Словарь старославянского языка» (репринтное издание 4 т.т), «История русской живописи» (12 т.т), «Библиотечная энциклопедия», көркем әдебиеттер секілді қазіргі заманғы ең таңдаулы 880 дана кітап тапсырды.
Осы іс-шара аясында ЮНЕСКО дүниежүзілік мұрасына арналған көркем туындылар көрмесі көрсетілді. Бұл туындылар әртүрлі техникамен орындалған және ЮНЕСКО тізіміне кірген ШЫО елдерінде – Қазақстанда, Қытайда, Ресейде орналасқан дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар нысандарын бейнелейді. Көрмеде Мәскеудегі және Мәскеу маңындағы көркемөнер студияларының оқушылары және Ресей Суретшілер одағының мүшелері, қалыптасқан шеберлер орындаған 30-дан астам жұмыстар қойылды.
Сөз алғандар бұл іс шараның маңыздылығына тоқталып, Қазақстан мен Ресей азаматтарының жаңа әдебиеттер арқылы ақпараттың жақсаруының қажеттілігін атап өтті. ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының бірінші орынбасары Гүлиса Кабаровна Балабекова атап өткендей, Ресей зерттеу Орталығы – бүгінгі күні Ресейде болып жатқан процесстер мен оқиғаларды біздің оқырмандарымызға таныстыруға мүмкіндік береді. Өнер, ғылым, мәдениет төңірегіндегі Ресей авторларының шығармалары екі елдің өзара түсінушілігінің дамуын арттырады.
Салтанатқа қатысушылар: Балабекова Г.К. – ҚР Ұлттық кітапханасы Бас директорының бірінші орынбасары, Городецкий В.А. – Ресейлік Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қорының төрағасы, Меланьина М.В. – Ресейлік Шет елдердегі мәдени орталықтарды дамытуға көмек беру қорының төрағасының орынбасары, Ресей мемлекеттік кітапханасының шығыс әдебиеттері Орталығының жетекшісінің орынбасары, Мещанинов Б.Б. – Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас елшісі, ЮНЕСКО-ның, Алматы қаласы мұрағаттарының, мұражайлары мен кітапханаларының өкілдері.
|