KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888469
2019 жылы:  22184
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2009

Қостанай облысы, Сарыкөл ауылында Қазақ КСР-сіне еңбегі сіңген кітапханашы Нәзира Қожахметқызы Дәулетованы еске алуға арналған шығармашылық кеші өтті. Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханаларды дамыту орталығының жетекшісі К.Т.Қасымжанова және Ғылыми-зертеу бөлімінің жетекшісі Б.Ш.Шаймерденова қатысып, баяндама жасады.

2009 жылдың 16-қыркүйегінде Қостанай облысы, Сарыкөл кентінің аудандық Мәдениет үйінде «Жаны мен жүрегімен ісіне берілген» тақырыбында Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген кітапханашы Нәзира Қожахметқызы Дәулетованы еске алуға арналған шығармашылық кеш өтті. Шығармашылық кешті Сарыкөл ауданының әкімшілігі ұйымдастырды.  Н.Қ.Дәулетова жарты ғұмырын мәдениет саласына арнаған тұлға, оның  24 жылында ҚР ҰК-ның  директоры қызметін атқарды. Кешке қатысушыларға Сарыкөл ауданының әкімі Қ.Ғабдуллин, Нәзира Қожахметқызының қыздары – С.Ж.Әбілғазина, Ғ.Ж.Хакімжанова, немересі Д.Әбілғазин  қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қостанай облыстық мәдениет басқармасының бастығы С.Б.Бөкейханова ««Библиотечное наследие Н.Даулетовой через призму историко-культурного развития области», ҚР ҰК Кітапханаларды дамыту орталығының директоры  К.Т.Қасымжанова «Н.Қ.Дәулетова ҚР ҰК қалыптасуы және дамуы бастауында», ҚРҰК Ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі  Б.Ш.Шаймерденова «ҚРҰК ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа бағыттары» тақырыптарына   баяндамалар жасады.

Кеш барысында 2009 жылы Нәзира Қожахметқызының қыздары шығарған Н.К.Дәулетова және Е.Н.Шмелеваның «История становления и развития библиотечного дела в Казахстане» кітабының тұсаукесері өтті. Шығармашылық кешке қатысушылар Нәзира Қожахметқызы Дәулетова атындағы орталық аудандық кітапханада болды. Кітапхана ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.

Кітапханада  Н.Қ. Дәулетованың жеке кітапханасынан алынған, соның ішінде «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясымен шыққан кітаптары жинақталған оқу залы бар. Н.Қ. Дәулетованың немересі Д.Әбілғазин кітапхананың кітап қорын толықтыруға үнемі көмектесіп тұрады және осы кешке сыйлық ретінде кезекті жаңа кітаптарды әкеліп тапсырды. ҚР ҰК тарапынан Сарыкөл аудандық орталық кітапханасына 100 аталымнан астам жаңа кітаптар, соның ішінде кітапхана ісіне арналған әдістемелік құралдар сыйға тартылды. Шығармашылық кеште Сарыкөл аудандық әкімшілігі және Орталық аудандық кітапханасы жарыққа шығарған «Кітапхана – оның өмірінің басты мұраты. Библиотека – главное дело ее жизни» атты  кітапты қатысушыларға сыйға берілді. Кеш соңында Сарыкөлдік өнерпаздардың концерті көрсетілді.

Келесі күні, яғни 17 қыркүйекте ҚР ҰК Кітапханаларды дамыту орталығының жетекшісі К.Т.Қасымжанова, ҚРҰК ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Б.Ш. Шаймерденова Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен кездесті. Олар ҚР ҰК-ның қызметі, Сарыкөлде өткен іс-шара және Н.Қ.Дәулетованың кітапханалық қызметі туралы әңгімеледі. Содан соң ҰК қызметкерлері Н.Островский атындағы Орталық  қалалық кітапханасында, Н.Қ.Дәулетова туралы экспозициялар жиынтығы қойылған   Ы. Алтынсарин атындағы мұражайда болды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование