KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066277
2019 жылы:  131812
бүгiн:  186
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.11.2009

2009 жылдың 12 қарашасында ҚР Ұлттық кітапханасында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлының тұңғыш рет жарыққа шыққан 3 томдық “Музыкалы – эстетикалық тәрбие” (І том, 2000 ж.), “Қазақ музыкасының қысқаша тарихы” (ІІ том, 2003 ж.), “Қазақ музыкасының қысқаша тарихы” (ІІІ том, 2007 ж.) атты оқулық-монографияларының тұсаукесер рәсімі өтті.

Профессор Пернебек Момынұлы “Қазақ операсының даму жолдары”, “Музыканы тыңдай және түсіне білу”, “Оқушылар мен жастарға эстетикалық тәрбие беру”, “Музыка әлеміне саяхат,” т.б. еңбектердің авторы. Елімізге белгілі көптеген музыка және өнертану мамандарын тәрбиелеп шығарған ұлағатты педагог-ғалым.

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Ұлттық өнердің рухани демеушісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

П.Момынұлының “Қазақ музыкасының қысқаша тарихы” атты үш томдық еңбегінің жасөспірімдерге білім беруде, олардың рухани жан дүниесін тәрбиелеуде маңызы зор.

Тұсаукесерге  көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана оқырмандары мен қала жұртшылығы қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование