KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066280
2019 жылы:  131815
бүгiн:  189
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.10.2009

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директоры Орынбасар Исахов Кореяның Донгук университетінің құрметті профессоры Хон Юнг Сик бастаған Кореяның шет елдердегі мәдени мұрасы жөніндегі Сеул комитетінің делегациясын қабылдады.

Кездесудің мақсаты − Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының негізінде жасалған кәріс тіліндегі сирек кітаптар каталогын  табыстау. Делегация құрамында Сеул қалалық кеңесі спикерінің орынбасары Боо Доо Ван, Будда Ассоциациясының бас хатшысы Ли Санг-Гун, ақындар мен журналистер болды.

Каталог Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Кореяның шет елдердегі мәдени мұрасы жөніндегі Сеул комитетінің арасында 2005 жылы  қол қойылған шартқа сәйкес жасалып, шығарылған болатын. Каталогта көне кәріс тіліндегі 436 аталым еңбек бар. Кездесу барысында осы каталогты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып шығару  туралы мәселе, сондай-ақ ТМД елдерінде соңғы жылдары шыққан Корея  және кәрістер туралы кітаптардың көрмесін ұйымдастыру және оларды соңынан  Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына табыстау мәселесі талқыланды.   

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование