KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 13 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14910742
2019 жылы:  44457
бүгiн:  1
қазiр:  1
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.11.2009

    11-12 қарашада ҚР Ұлттық кітапхасының қызметкерлері К.Т. Қасымжанова, К.К. Қоштаева, Ә.Д. Нығметова Көкшетау қаласында өткен «Кітапхана процестерін стандарттау – сапа менеджменті жүйесін енгізудің негізі» атты Ақмола облысы кітапханаларының семинарына қатысты. 
    Бірінші күні семинардың бағдарламасына сәйкес СИБИД жүйесінің стандарттарына шолу өткізілді, ГОСТ 7.20-2000 «Кітапханалық статистика» стандарты талқыланды. Библиографтар мен әдебиеттерді өңдеушілер үшін ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттау. Жалпы талаптар және жасау ережелері» стандарты бойынша іс-тәжірибелік сабақтар өткізілді. 
    Семинардың екінші күнінде «Кітапхана қызметіндегі сапа менеджменті жүйесі» тақырыбы бойынша баяндама жасалды және іс-тәжірибелік сабақ жүргізілді, онда облыс кітапханашыларына Орталық аудандық кітапханалар жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін  ИСО 11 620:1998 «Ақпарат және құжаттама. Кітапхана жұмысының тиімділік көрсеткіштері» халықаралық кітапханалық стандартына сәйкес бірнеше көрсеткіштерді есептеп шығаруға ұсыныс жасалды. Кітапхана қызметкерлері аталған стандарт бойынша жұмыс істеуді  үйренді.  Сонымен қатар дөңгелек үстелде кітапхана жұмысының өзге де өзекті мәселелері талқыланды. ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Ақмола облысы кітапханашыларының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ақыл- кеңестерін айтты.
    Бұл семинар облыс кітапханаларының болашақта кітапхана ісіндегі мемлекетаралық стандарттарды пайдалана отырып, пайдаланушыларға бәсекеге қабілетті қызмет көрсетуіне мүмкіндік туғызбақ.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование