KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15066262
2019 жылы:  131797
бүгiн:  171
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.11.2009

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қазақтың белгілі ақыны, жырау, әнші әрі сазгер Кенен Әзірбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Кенен ақын – кемел ақын» атты көркем безендірілген кітап көрмесін ашты және «Кенен Әзірбаевтың шығармашылық мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген өнер қайраткері (1957), Қазақ КСР-інің халық ақыны, КСРО Жазушылар одағы мен Композиторлар одағының мүшесі, Жамбылдың шәкірті әрі ізбасары Кенен Әзірбаев 150-ден астам әуенді шығармаларды дүниеге келтірген. Оның шығармаларында қазақ ақындары Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұсалардың дәстүрлері жалғасын тапты.

Іс-шара Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе ұйымдастырылды, оған танымал өнер қайраткерлері, жазушылар, әдебиетшілер, Кенен Әзірбаевтың көзкөргендері, шәкірттері, шығармашылық мұрасын жалғастырушылар қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование