KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888587
2019 жылы:  22302
бүгiн:  1
қазiр:  30
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.12.2009

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Кітапхана – руханият ордасы» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының кеңесшісі Е.Исмаилов, Ғылыми зерттеу бөлімінің жетекшісі Б.Шаймерденова «Республика кітапханалары бойынша Алматы облысы кітапхана ісінің даму жағдайы» тақырыбында баяндама жасап, кеңесшісі Е.Исмаилов құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның құрметті қонақтары ретінде С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры М.С.Нұрғалиева «Жаһандану кезеңіндегі кітапхана жаңа өрлеу жолында»,  С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының бұрынғы директорлары Б.С.Доскеев (қазір зейнеткер), Г.М.Сүлейменоваларлар  «Тарих тағлымымен қастерлі» тақырыбында құттықтау сөз сөйлеп, кітапхана тарихынан қызықты естеліктер айтты.

Мерекеге орай бірқатар кітапхана қызметкерлері облыстық әкімшілік, облыстық мәдениет басқармасы, «Нұр-Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы тарапынан құрмет грамоталарымен марапатталды.

Конференцияға облыстық әкімшіліктің, мәдениет басқармасының, аудандық, қалалық  орталық кітапханалардың директорлары қатысып, құттықтау рәсімдері жүргізілді.

Конференция  соңында  облыс аумағында жүргізілген «Үздік ауыл кітапханасы» байқауының қорытындысы бойынша үздіктерді марапаттау рәсімі өткізілді.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование