KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888538
2019 жылы:  22253
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.12.2009

ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «Егемен Қазақстан» газетінің 90 жылдығына арналған «Ел айнасы – «Егемен Қазақстан» атты көлемді көрме ұйымдастырылды. Көрме 2009 жылдың 15 желтоқсанында ашылды.

Көрме тақырыптары бірнеше бөлімнен тұрады. «Егемен Қазақстан»: ғасырдан ғасырға» атты алғашқы бөлімде газет туралы ресми материалдар: қаулылар, жарлықтар, газеттің мерейтойларына арналған мақалалар қойылды.

«Егемен Қазақстан»: заманмен үндес басылым» атты бөлімде бас газеттің редакция алқасы, баспахана қызметкерлері және т.б. жайлы фотомұрағаттар көрнекті орын алады.

«Егемен Қазақстан»: Тұлғалар тұғыры» бөлімінде 1919-2009 жылдардағы газет редакторларының суреттері, өмірі мен қызметі туралы мәліметтер және олардың негізгі еңбектері кеңінен қамтылып, жүйелі түрде қойылды.

«Заманына сай аталды аты...» бөліміне қойылған ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы «Ұшқын» (1919-1920), «Еңбек туы» (1920-1921), «Еңбекшіл қазақ» (1921-1925), «Еңбекші қазақ» (1925-1932), «Социалды Қазақстан» (1932-1937), «Социалистік Қазақстан» (1937-1945) газеттері «Егемен Қазақстан» газетінің тарихын жан-жақты ашып көрсетеді.

«Егемен Қазақстан» – тәуелсіздік жаршысы» атты негізгі бөлімге Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері газет бетінде жарияланған материалдар топтастырылды. Қазақстанның тәуелсіздігі, халықтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани өмірі «Мәдени мұра» бағдарламасы, ел бірлігі, Қазақстандағы ұлтаралық, дінаралық келісім мәселелері «Мемлекеттік тіл», «Желтоқсан жаңғырығы», «Әлем таныған Қазақстан», «Еуропа эстафетасы Қазақстанда» және т.б. тақырыптар арқылы жан-жақты ашылды.

«Егемен Қазақстан» ҚР Ұлттық кітапханасы туралы» бөлімінде кітапхана ісі, ҚР Ұлттық кітапханасы туралы мәліметтер, кітапхана қызметкерлерінің мақалалары, сонымен қатар газеттің бас редакторы болып қызмет атқарған қоғам және мемлекет қайраткерлері жөнінде Ұлттық кітапханада құрастырылған көптеген библиографиялық көрсеткіштер қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование