KZ     RU     ENG
Жексебі, 06 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15067632
2019 жылы:  133167
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.12.2009

2009 жылдың 7-17 желтоқсаны аралығында  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комите­ті­нің ұйымдастыруымен және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционер­лік қоғамының демеушілігімен Омбы облысының Мемлекеттік білім беру мекемесінің «Аймақтық инновациялық орталығында» өткен «Кітапхана ісіндегі маркетинг және PR технология: жай-күйі мен болашағы» тақырыбы бойынша кәсіби білік­ті­лікті жетілдіру курсына ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханаларды дамыту орталығының бас кітапханашы Ф.Қ.  Бектұрбекова қатысты.

Кәсіби біліктілікті жетілдіру курсына Қазақстанның 10 кітапханашы маманы және Омбы облысының аймақтық кітапханаларының мамандары қатысты.

Онкүндік курста кітапхана ісіндегі маркетинг және PR-технология, меркетингтік зерттеулер, кітапханада PR қызметін жүзеге асырудағы психо­ло­гиялық аспектілер, кітапханалық жарнама туралы дәрістер оқылып, тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар Омбы қаласындағы ірі кітапханаларда болып, олардың қызметімен, қорларымен, тыныс-тір­шілігімен танысты.

Дәріс соңында қатысушыларға Ресей Федерациясының Омбы облыстық Мемлекеттік білім беру мекемесі «Аймақтық инновациялық орталығының» куәлігі тапсырылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование