KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 11 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909623
2019 жылы:  43338
бүгiн:  1
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.12.2009

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми кітаптарының «Туған тілім – тұмарым» атты тұсаукесер рәсімі өтті.

Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы – қазақ тіл білімі ғылымында алғаш рет тілдік қатынас мәселесінің ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдап, қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуі үшін бұл тілді қазақтарға оқытудың, өзге ұлт өкілдеріне үйретудің әдістемелік нысандарын теориялық тұрғыдан дәлелдеуде үлкен жетістіктерге жеткен ғалым.

Ф.Ш. Оразбаева 1979 ж. «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты, 1996 ж. «Тілдік коммуникация мен қатысым әдісінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.

1988 ж. доцент, 1999 ж. профессор ғылыми атақтарын алды. 2003 ж. «Ерен еңбегі үшін», 2001 ж. «Тәуелсіздікке он жыл» медальдарымен марапатталған. Биыл Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.

Ф.Ш. Оразбаева – оқу-әдістемелік кешендердің және республикалық жаңа буын оқулықтарының, мемлекеттік стандарттардың, бағдарламалардың, тілдік коммуникация жөніндегі ғылыми-теориялық еңбектердің авторы. Ғалым еңбектері тілдік білімді бағалаудың Европалық және Халықаралық стандарттарына (DALF/AELF, IELTS, TOEFL) сәйкес  дайындалып, баспадан шыққан Қазақстан Республикасындағы тұңғыш еңбектер болып табылады. Ф.Ш. Оразбаева қазақ тілін оқып-үйренуге арналған 6 деңгейлік оқу-әдістемелік кешененің жетекшісі әрі авторы (2006-2007ж.ж.). Тілші-ғалымның 300-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектері басылым  көрген.

Тұсаукесер аясында Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының әр жылдарда жарық көрген ғылыми еңбектерінің көрмесі оқушылар назарына ұсынылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование