KZ     RU     ENG
Сенбі, 05 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15065981
2019 жылы:  131516
бүгiн:  1
қазiр:  25
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.02.2010

ҚР Ұлттық кітапханасында Әлихан Бөкейханның 7-томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының тұсаукесері (таныстырылымы) өтті. Аталған жинақтың алғашқы І, ІІ және ІІІ  томдары өткен жылдың соңында Астана қаласындағы «Сарыарқа» Баспа үйінен жарық көрді. 

Алғашқы 3 томға ғалым әрі қайраткердің 1889 жылмен 1913 жыл аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалалары, хаттары, әдеби аудармалары, ғылыми зерттеулері кірген. Олардың көбісі бұрын беймәлім болып келді. Қалған 4 томы 2010 жылы жарық көреді.

Толық шығармалар жинағын құрастырған Сұлтанхан Аққұлұлы. 1995 жылы Қазақ энциклопдясынан жарық көрген «Ә.Н.Бөкейхан. Таңдамалы – Избранное» жинағын да құрастырған С.Аққұлұлы болатын.

Ә.Н.Бөкейхан – ғұлама ғалым, публицист әрі көрнекті мемлекет қайраткері – қазақтың 20-ғасыр басындағы «Алаш» ұлттық қозғалысының көсемі, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы төрағасы.

Тусакесер рәсіміне белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, Ә.Бөкейханның, Н.Нұрмақовтың, О.Жандосовтың  ұрпақтары және жұртшылық өкілдері қатысты.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование