KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888162
2019 жылы:  21877
бүгiн:  1
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
29.04.2011
 
Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесіне Ұлттық кітапхана безендірілген ауқымды «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» («Казахстан –  наш общий дом») атты кітап көрмесін ашады.
Толығырақ ]
25.04.2011
 
ҚР Ұлттық кітапханасы VI Қазақстандық Халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесінің «Ынтымақтастық үшін» дипломымен және «Ұлт Көшбасшысы» номинациясында «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» атты ретроспективтік библиографиялық көрсеткіші үшін дипломмен марапатталды.
Толығырақ ]
21.04.2011
 
2011 жылы 21 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының қатысуымен «Қазақ­станның 2012-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуын кітапха­на­лық­­-ақпаратпен қамтамасыз етудің бағдарла­масы» жобасын талқылау мақсатында кеңес өткізілді.
Толығырақ ]
19.04.2011
 
2011 жылдың 20-22 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Ұлы Жібек жолымен» атты 6-шы Қазақстандық Халықаралық кітап және полиграфиялық жәрмеңкесі аясында өзінің тәуелсіздік жылдарында шыққан басылымдарының көрмесін ұсынады. Сонымен бірге,  2011 жылдың 21 сәуірінде сағат 13-00-де ҚР Ұлттық кітапханасы «Алматыкітап» баспасымен бірлесіп, авторлардың, облыстық кітапханалар директорларының және оқырман қауымның қатысуымен «Тәуелсіз Қазақстанның әдебиетіндегі тарих, тұрмыс және мәдениет» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Толығырақ ]
15.04.2011
 
ҚР Ұлттық кітапханасының бастамасымен 21 сәуірде сағат 10-да облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының «Қазақ­станның 2012-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамуын кітапха­на­лық­­-ақпаратпен қамтамасыз етудің салалық бағдарла­масы» жобасын тал­қы­лауға арналған кеңесі өтеді.
Толығырақ ]
12.04.2011
 
«Қазақстан кітаптары» бөлімінде «Қазіргі қазақ әдебиеті» атты ашық қор ұйымдастырылды.
Толығырақ ]
12.04.2011
 
2011 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Чернобыль АЭС-ғы ядролық апатқа 25 жыл» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ ]
18.03.2011
 
Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығының күнтізбелік жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы өзінің қорынан «Ұлыстың ұлы күні» атты көркем безендірілген кітап көрмесін ұйымдастырды.
Толығырақ ]
17.03.2011
 
Қазақстан  Республикасы Мәдениет министрлігі   Мәдениет комитетінің төрағасы  І.М. Қозыбаевтің 2011 жылдың 15 наурыз күнгі № 18 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Бас директорлығына ҚРҰК-ның Бас директорының 1-ші орынбасары болған Г.К.Балабекова тағайындалды.
Толығырақ ]
15.03.2011
 
15 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  Қазақстан Республикасының  Президенттігінен үміткер Н.Ә.Назарбаевтың қалалық сайлау алдындағы штабының желілік кестесіне сәйкес «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» атты көркем безендірілген кітап көрмесі ашылды.
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование