KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888180
2019 жылы:  21895
бүгiн:  1
қазiр:  61
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
10.12.2010
 
2010 жылдың 1-желтоқсаны мен  2011 жылдың 1-мамыры аралығында Электронды баспа залы мен Мұнай және газ ресурстарының ақпарат залында Полпред дерекқорына тестік жол ашылды. «Полпред» жобасы  – жетекші ақпарат агенттіктері хабарларының толық мәтінін беріп тұратын баспасөзге шолу. Сараптама құжаттары мен баспасөзге шолулар бірмезгілде салалық және елдік ресурстарға қосылады.
Толығырақ ]
29.11.2010
 
29 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаятұлының жарық көрген үш кітабының тұсаукесерін өткізді.
Толығырақ ]
26.11.2010
 
26 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында  Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановтың зерттеуші ғұлама ғалым Жағда Бабылықұлымен сыр-сұхбаттан тұратын халқымыздың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына арналған «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.
Толығырақ ]
24.11.2010
 
24 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы және М-Х Дулати қоғамдық қоры даңқты қолбасшы, Кеңестер Одағының Батыры, көрнекті жазушы, ұлтын сүйген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай оның «Қанмен жазылған кітабына» арналған дөңгелек үстел өтті.
Толығырақ ]
24.11.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Астана қаласында желтоқсанның 1-2 күндері ОБСЕ саммиті өтуіне орай оқырмандар мен жұртшылық назарына «Еуропаға жол – өркениетке жол», «Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті» атты кітап көрмелерін ұсынады. Көрмелер Қазақстан Республикасының ОБСЕ-ге төрағалық етуіне, Қазақстан Республикасының ОБСЕ-мен және Еуропа Одағымен ынтымақтастығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметіне, оның осы халықаралық ұйымның қызметіне қосқан үлесіне арналған. 
Толығырақ ]
24.11.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы тоқсан сайын шығатын «ИФЛА/РАС бағдарламасының жаңалықтары» (2010, №3)  электрондық журналының үшінші нөмерін мамандар назарына ұсынады.
Толығырақ ]
23.11.2010
 
2010 жылғы 23-24 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Алматыдағы Кластер бюросымен және Ұлттық кітапханамен бірлесіп Орталық Азия елдерінің ұлттық кітапханаларының қызметкерлері үшін ақпарат алу жолын үйрететін семинар-тренинг өткізді.
Толығырақ ]
19.11.2010
 
19 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында «Н.Келімбетов-жазушы, түрколог-ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел және оның «Үміт үзгім келмейді», «Түркі халықтарының ортақ әдеби жәдігерлері» кітаптарының түрік, қытай, неміс тілдеріндегі жаңа басылымдарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Толығырақ ]
19.11.2010
 
Қарашаның 1-і мен желтоқсанның 25-і аралығында электрондық басылымдар залында және Мұнай мен газ ақпараттық ресурстар залында әмбебап политақырыптық  толық мәтіндегі ProGuest дерек қорынан әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша мәлімет алуға болады.
Толығырақ ]
12.11.2010
 
2010 жылдың 12 қарашасында Ұлттық кітапханада алғашқы рет «Евразиялық мәдени кеңістік әдеби байланыстар арқылы» атты «II Евразиялық оқулардың» онлайн-мәжілісі өтті.
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование