KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888176
2019 жылы:  21891
бүгiн:  1
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
16.06.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығы ұйымдастырған «Саясат, мәдениет және заманауи қоғам» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Толығырақ ]
04.06.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Менің әкем – Абайділда Сыздықұлы Дәулетбаев» деп аталатын кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап «Өндіріс генералы» атанған Абайділда Дәулетбаев туралы. Кітаптың авторы Абайділданың ұлы – Дәмір.
Толығырақ ]
27.05.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы С.Қожанов атындағы қайырымдылық қорымен бірлесіп қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, ағартушы-ұстаз Сұлтанбек Қожанұлының (1894-1938)  толық шығармалар жинағының тұсаукесерін өткізді. Жинақ «Алаш мұрасы» сериясымен «Арыс» баспасынан жарық көрген. Бұл шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілді.             
Толығырақ ]
26.05.2010
 
ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 26 мамыр күні «ҚазМұнайГаз» Сауда Үйінің демеушілігімен басылып шыққан 8 жаңа оқулықты Ұлттық кітапханаға және 52 жоғары оқу орындары кітапханаларына салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Ұйымдастырушылар:  ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы, ҚР Ұлттық кітапханасы.
Толығырақ ]
21.05.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2010 жылдың 21 мамырында  саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Әділет» тарихи-ағарту қоғамымен бірлесіп Қ.Қожықовтың 130 жылдығына арналған «Қоңырқожа Қожықов – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Толығырақ ]
20.05.2010
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы тоқсан сайын шығатын «ИФЛА/РАС бағдарламасының жаңалықтары» (2010, №1)  электрондық журналының бірінші нөмірін мамандар назарына ұсынады.
Толығырақ ]
20.05.2010
 
ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 20 мамыр күні «Мәдени мұра» – «Культурное наследие» журналы бойынша оқырмандар конференциясы өтті.
Толығырақ ]
13.05.2010
 
ҚР Ұлттық кітапханасында 2010 жылдың 13 мамыр күні С.Бөкейхановтың «Город мой Алматы» және «Имена наших улиц от А до Я» кітаптарының тұсаукесері өтті.
Толығырақ ]
11.05.2010
 
Жазушы әрі қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың  туғанына  80 жыл. Қаламгердің туғанына 80 жыл толуына арнап шығарылған «Біздің Әнуар – Наш Ануар»  жинағы - Ә.Әлімжановтың бүкіл өмірінің айнасы іспетті. Кітаптың тұсаукесері мамыр айының 11-ші жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық   кітапханасында өткізілді.  
Толығырақ ]
06.05.2010
 
2010 жылдың 6 мамырында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Великие битвы Великой Отечественной войны» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Кітап авторлары – Мұхтар Назарбаев және Валерий Слиденко.
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование