KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888260
2019 жылы:  21975
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
16.09.2009
 
Қостанай облысы, Сарыкөл ауылында Қазақ КСР-сіне еңбегі сіңген кітапханашы Нәзира Қожахметқызы Дәулетованы еске алуға арналған шығармашылық кеші өтті. Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханаларды дамыту орталығының жетекшісі К.Т.Қасымжанова және Ғылыми-зертеу бөлімінің жетекшісі Б.Ш.Шаймерденова қатысып, баяндама жасады.
Толығырақ ]
08.09.2009
 
ҚРҰК Бас директоры О.И.Исахов Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен «Еуразия Кітапханалар Ассамблеясының» ХІ Жалпы Жиналысына қатысты.
Толығырақ ]
07.09.2009
 
ҚР Ұлттық кітапханасы Қырғызстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 75 жылдығына орай Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткізілген мерейтой барысында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан кітаптар көрмесін ұйымдастырды және мерейтой иесіне 154 кітапты сыйға тартты.
Толығырақ ]
03.09.2009
 
ҚР Ұлттық кітапханасы мен АҚШ Конгресінің Кітапханасы өзара ынтымақтастық жайында және Ғаламторда түрлі елдердің мәдениеті жайлы көп тілдегі, үлкен көлемдегі материалдарға тегін қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлемдік сандық кітапхананы дамыту жөнінде келісімшарт жасасты.  
Толығырақ ]
01.09.2009
 
ҚРҰК Бас директоры О.И.Исахов және Бас директордың бірінші орынбасары Г.К.Балабекова ИФЛА Кеңесінің 75-Бас конференциясы мен ұлттық кітапханалар директорларының мәжілісіне қатысты (Италия, Милан қаласы).
Толығырақ ]
24.08.2009
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Мәдени бағдарламалар орталығында Конституция күніне орай  «Конституция – Қазақстан өркені мен өрлеуінің негізі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ ]
14.08.2009
 
ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  көрнекті сазгер, мемлекеттік әнұран авторларының бірі, ҚР халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай «Шәмші Қалдаяқовтың қазақ мәдениеті мен өнеріндегі орны» тақырыбында дөңгелек үстел мен «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» атты кітап көрмесі өтті.
Толығырақ ]
22.07.2009
 
ҚР Ұлттық кітапханасы тоқсан сайынғы «ИФЛА/РАС бағдармасының жаңалықтары» (2009, №2)  электронды журналының кезекті нөмірін мамандар назарына ұсынады.
Толығырақ ]
01.07.2009
 
ҚР Ұлттық кітапханасының Мәдени бағдарламалар орталығында  белгілі демограф, саясаттану ғылымдарының докторы М.Б. Тәтімовтың «Елбасы және ел саны» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл шара автордың қатысуымен, «Арыс» қорының баспасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Толығырақ ]
16.06.2009
 
Құрметті оқырмандар! ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігі оқырмандардың ұсыныстарына байланысты кітапхананың демалыс күнін жексенбіден дүйсенбіге ауыстыру мәселесін қарастыруда. Осыған байланысты өз пікірлеріңізді Бақылау орнындағы «Пікірлер және ұсыныстар» кітабы арқылы білдірулеріңізді өтінеміз. Кітапхана әкімшілігі
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование