KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888370
2019 жылы:  22085
бүгiн:  1
қазiр:  28
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
28.07.2008
 
Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен және демеушілік етуімен ҚР Ұлттық кітапханасындағы Америка мәдениетінің орталығында «Флекс» бағдарламасының үздік түлектерін марапаттау рәсімі өтті.
Толығырақ ]
10.07.2008
 
«Қазақстан халықтары Ассамблеясының әлеуметтік консорциумы» Қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік көркем шығармалардың республикалық байқауының жеңімпаздарына шығармашылық гранттар тапсыруға арналған баспасөз конференциясын өткізді.
Толығырақ ]
09.07.2008
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесе отырып, «Қазақстан тарихы кәсіби мамандар көзімен» атты 2006 - 2008 жылдары жарық көрген кітаптардың тұсаукесерін өткізді.
Толығырақ ]
05.07.2008
 
Астана қаласының 10-жылдық мерейтойына арнап, «Астана – арман қала» атты мультимедиялық басылымын Ұлттық библиография орталығы дайындап шығарды.
Толығырақ ]
24.06.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасының Бас директоры О.Исахов IFLA РАС-тың «Сақтау және консервациялау» негізгі бағдарламасының директоры Кристиан Барильмен Орталық Азия бойынша РАС аймақтық Орталығын құру туралы келісімшартқа қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша аймақтық РАС Орталығы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан географиялық аймағына жауапты болып табылады. Келісімшарт 2009 жылдың 31 желтоқсанына дейін құзырлы. Орталық Азиядағы РАС Орталығының директоры болып ҚР Ұлттық кітапханасының Құжаттамалық мұраны зерделеу және сақтау орталығының директоры Шайморданова Зарема ханым тағайындалды.
Толығырақ ]
24.06.2008
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отырып, «Русские Казахстана» («Қазақстандағы орыстар») атты кітаптың тұсаукесерін өткізді.
Толығырақ ]
20.06.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы мен оңтүстік аймақтағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың кадр және заң қызметтері жөніндегі қызметкерліне арналған семинар өтті. Семинарды заң департаментінің директоры Г.М.Қайырғалиева жүргізді.
Толығырақ ]
19.06.2008
 
ҚР-ғы ҚХР Елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі Бірінші хатшысы Ли Чжи мырза ҚР Ұлттық кітапханасындағы Қытай мәдениеті орталығына DVD-да 23 көркем және деректі фильмдерді және VCD-да Пекинде өтетін XXIX Олимпиадалық ойындар туралы 10 фильмді, сондай-ақ Қытай мәдениетінің орталығына келушілерге тарату үшін жаңа журналдарды, газеттердерді, буклеттерді, карталарды, Олимпиада-2008 ойындары рәміздерінің сипаттамаларын сыйға тартты.
Толығырақ ]
19.06.2008
 
Санкт-Петербургте Бас директорлар О.И.Исахов пен Б.Н.Зайцев Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Ресей Ұлттық Кітапханасының арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қол қойды.
Толығырақ ]
17.06.2008
 
ҚР Ұлттық Кітапханасының Бас директоры О.И.Исахов “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының кітапханаларымен әріптестік қатынастар орнату: Білім алмасуға ықпал ету жөніндегі аймақтық семинар” тақырыбындағы басшы қызметкерлерге арналған халықаралық семинарға қатысты, бұл іс-шараны БҰҰ-ның Даг Хаммершельд атындағы кітапханасы мен РФ Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті ұйымдастырды.
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование