KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888424
2019 жылы:  22139
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
13.06.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасына «Катар мемлекетінің мәдениет күндері» бағдарламасының аясында 85 дана кітап және CD ROM сыйға тартылды.Бұлар ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан лайықты орын алатын саясат, мәдениет, білім, әдебиет, өнер, әлеуметтану жөніндегі араб тіліндегі кітаптар.Солардың қатарында «Орта ғасырлар заманындағы тарихшылардың еңбектері», «Қатар кітапханасындағы қолжазбалардың көрсеткіші», «Ибн Атил кітабына берілген түсініктемелер» бар. «Катар мемдекетінің мәдениет күндері ү.ж. 8-14 маусымында Алматы қаласында өтті, оны Катар мемлекетінің Мәдениет, Өнер және Ұлттық мұра жөніндегі Ұлттық кеңесі ұйымдастырды. Осы іс-шараның негізгі мақсаты- Алматының тұрғындарын Катар халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен таныстыру. Сондай-ақ екі елдің арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Толығырақ ]
10.06.2008
 
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы облысы, Қарасай аудандық кітапханасында өткен «Мәдени мұра» бағдарламасының кітапхана ісіндегі маңызы» атты облыстық семинарға қатысты.
Толығырақ ]
29.04.2008
 
сағат 11.00 Ұлттық кітапханада «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «2007 ж. жалпы ұлттық кітап қорына түскен тарихи жазба деректер» -атты көрменің тұсау кесері өтеді. Экспедиция барысында бұрын Қазақстан тарих зерттеушілерінің қолы жетпей жүрген көптеген құнды құжаттар мен материалдар әкелінді.
Толығырақ ]
29.04.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасында белгілі ақын, сценарист, журналист Инна Васильевна Потахинаның 70-жылдығына орай еске алу кеші өтті.
Толығырақ ]
26.04.2008
 
сағат 14.00 ҚР Ұлттық кітапханада «Қазақстан – Түркменстан: мәдениет сабақтастығы» атты «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылады Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Түркменстан Мәдениет министрлігі басшылығымен ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараға театр, кино, бейнелеу мен зергерлік өнері, кітапхана ісі, мұражай салаларының мамандары, мәдениет қайраткерлері қатысып, олар екі елдің мәдениет саласындағы.
Толығырақ ]
17.04.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасы Польша Республикасының Ұлттық кітапханасымен, Грузия Ұлттық парламент кітапханасымен және Араб Египет Республикасының Александрия кітапханасымен ынтымақтастық туралы келісімдер жасасты.
Толығырақ ]
04.04.2008
 
сағат 11-00-де, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Нобельдік дәріске –100 жыл» атты, ресейлік Қор Нобельдік энциклопедиясының 50 томдық толық жиынтығын Ұлттық кітапханаға сыйға тарту рәсімі өтеді. Бұқаралық ақпараттар құралдары үшін осы шараға байланысты пресс-конференция ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде бұл мәдени акция ғылыми-гуманитарлық қоғам және Ұлттық кітапханананың оқырман аудиториясының үлкен қызығушылығын тудыруда.
Толығырақ ]
03.04.2008
 
сағ. 16.00-17.00 дейін ҚР Ұлттық кітапханасының Американ мәдени орталығында Фулбрайт бағдарламасы бойынша зерттеуші Дуглас Тукей «Жер күнінің уәдесі: 1970 жылдан бүгінгі күнге дейін» тақырыбында тұсау кесер рәсімін өткізеді.
Толығырақ ]
25.02.2008
 
ҚР Ұлттық кітапханасының қорларынан Александрия кітапханасында (Каир, Араб Египет Республикасы) «Бүгінгі Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ ]
25.02.2008
 
Қазақстан Республикасы ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫ ММ, 050013, Алматы қ., Абай даңғылы, 14 күрделі жөндеуді өткізу жөніндегі жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуға төмендегі лоттар бойынша ашық байқау жариялайды:
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование