KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885251
2019 жылы:  18966
бүгiн:  1
қазiр:  62
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар
23.11.2017
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 3-қабатында 2017 жылғы  22 қараша - 15 желтоқсан аралығында мәдениет, білім, ақпарат салаларындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған  «Жібек Жолының жаңа келбеті және қытай-қазақ ынтымақтастығының жетістіктері» атты фотосурет көрмесі өтеді.
Толығырақ ]
23.11.2017
 
      Әлем әдебиеті залында ағылшын жазушысы Джонатан Свифтің 350 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ ]
22.11.2017
 
2017 жылғы 22 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Толығырақ ]
21.11.2017
 
2017 жылғы 21 қарашада Н.Дәулетова залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында белгілі қазақ ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 85 жылдық  мерейтойына, оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың жезқанатты жезкиігі - Вселенная судьбы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерватория мен К.Салықов атындағы «Жезкиік» қоры ұйымдастырды.
Толығырақ ]
20.11.2017
 
2017 жылғы 20 қарашада Ермек Тұрсынов киноклубының, «ARTAREA» мәдени бастамалар қорының және Қазақстан-Жапон достастығы қоғамының ұйымдастыруымен, Е.Тұрсынов киноклубында Акира Куросаваның «Семь самураев» фильмінің көрсетілімі мен талқылауы өтті. Кештің арнайы қонағы – Қазақстан Республикасындағы Жапон елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабата.
Толығырақ ]
17.11.2017
 
 2017 жылғы 15-17 қараша аралығында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова Гянжа қаласындағы (Әзербайжан) «Гянжа – 2017 жылдың Тәуелсіз Мемлекеттер Ынтымақтастығының мәдени орталығы» жобасының аясында «Елдердің көне мұраларының насихатталуы мен сақталуындағы кітаптың рөлі» атты ТМД елдерінің мемлекеттік және ұлттық кітпаханалары қызметкерлерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
Толығырақ ]
17.11.2017
 
    2017 жылғы 17 қарашада Е.Тұрсыновтың киноклубында Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың 80 жасқа толуына арналған кездесу кеші және «Асанәлі Әшімұлы» екі томдық кітабының тұсаукесері өтті.
Толығырақ ]
17.11.2017
 
2017 жылғы 17 қарашада  Н.Дәулетова атындағы залда мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, алғашқы қазақ елшілерінің бірі, дипломат Нәзір Төреқұловтың 125 жыл толуына  арналған еске алу кеші өтті.
Толығырақ ]
16.11.2017
 
2017 жылғы 16 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында ҚР халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тағайындау үшін студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін «Адам және әлем» әдеби шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.
Толығырақ ]
15.11.2017
 
    «Өнер» бөлімінің оқу залында композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Кенжебек Күмісбековтің (1927-1997) 90 жылдығына арналған «Қазақ музыкасының тарланы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Толығырақ ]

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование