KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888337
2019 жылы:  22052
бүгiн:  1
қазiр:  47
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Әлем әдебиеті қызметі / Славян жазуы мен мәдениеті күні

04.05.2012

   Славян жазуы мен мәдениеті күні 

   Славян жазуы мен мәдениетінің күні  (Кирилл және Мефодий әулиелер күні) – словендік ұстаздар деп аталатын теңапостолдық әулие бауырлар Мефодий мен Кириллді еске алуға арналған ресейлік мейрамның аты болып табылады. Олар  IX ғ. басында Македонияның Солуни қаласында текті славян әулетінен шыққан. 863 жылы Византия императоры бұл екі бауырды славяндардың арасында насихат жүргізуге Моравияға жібереді. Бауырлар алғашқы славян әліппесін жасады және діни мінәжаттық кітаптарды славян тіліне аударды. Осылайша славян жазуы мәдениетінің негізі қаланды.

   Мейрам Ресейде, сондай-ақ басқа да славян елдерінде ресми мейрам болып табылады.

    Бұл мейрамның тарихы Болгарияда X-XI ғғ. болған шіркеулік әдет-ғұрыптардан бастау алады. 11 мамыр  (ескі стиль бойынша) теңапаостолдық әулие ағартушылар Кирилл мен Мефодий күнінің тойлануы жайлы ең ескі мәліметтер XII ғасырмен белгіленеді, алайда олар IX ғ. аяғында-ақ әулие болып танылған-ды.  Әулиелер Кирилл мен Мефодийдің ортақ мерекесі болгар шіркеуінің тарапынан келесі ғасырларда да тойлана берді, ал болгарлық Қайта өрлеу заманында олар шығарған әліппенің мейрамына айналды.

   1863 жылы Кирилл мен Мефодий әулиелердің Моравтық миссиясының мыңжылдығының тойлануына байланысты, Ресейдің Қасиетті Синоды 11 мамырды жыл сайын Мефодий мен Кирилл әулиелерге арналған мерекелік күн ретінде белгілеуді анықтады.

    Теңапостолдық Әулие бауырлар Кирилл мен Мефодий күні (славян жазуының күні) – Чехиядағы бірден-бір мемлекеттік және шіркеулік мейрам. Мереке 5 шілдеде тойланады. 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование