KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888361
2019 жылы:  22076
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Әлем әдебиеті қызметі / «1812 жылғы Отан соғысына 200 жыл. Бородино шайқасы»

    «1812 жылғы Отан соғысына 200 жыл. Бородино шайқасы»

    «1812 жылғы Отан соғысы. Бородино шайқасы» кітап көрмесі соғыстың басталғанына 200 жыл толуына арналған.

   1812 жылы 24-ші маусымда Наполеон Әскері соғыс жарияламастан Ресей империясына басып кірді. Қуатты француз әскерінің тез қимылдары орыс әскери  басшылығын елдің ішкері жақтарына қарай шегінуіне мәжбүр етті және орыс әскерінің бас қолбасшысы генерал Барклай-де-Толлиді әскерлерді шайқасқа дайындау мүмкіндігінен айырды. Созылып кеткен шегіну қоғамдық наразылықты тудырды. Сондықтан да 20-шы тамызда император Александр I орыс әскерлерінің бас қолбасшылығына М. И. Кутузовтың  тағайындалуы жайлы бұйрыққа қол қойды. Алайда барлық күшті жинақтап алу үшін ол да шегінуге мәжбүр болды. Сол уақытқа қарай Наполеонның әскерлері және соның салдарынан екі армия да көп шығынға ұшырады. Осындай жағдайда Кутузов Мәскеу маңайындағы Бородино селосында ақтық айқас беруді шешті.

  Бородино шайқасы – орыс және француз әскерлері арасында 1812 жылы 7 қыркүйекте (ескі нұсқа бойынша 26 тамызда) Мәскеудің батысынан 125 шақырымдағы Бородино селосында  болған 1812 жылғы Отан соғысындағы ең ірі шайқас еді.

    1812 жылы 7 қыркүйекте таңның атысымен ұлы Бородино шайқасы басталып кетті. 6 сағат бойы орыс әскерлері қарсыласының жойқын шабуылдарына тойтарыс берумен болды.  Екі жақтың шығындары да көп еді. Орыс әскерлері 38 мыңнан астам, ал француздар 58 мыңдай жауынгерден айрылды. Орыс әскері шегінді, алайда өзінің соғысқа жарамдылығын сақтап қалды. Кутузовтың әскери партизандық бөлімдермен «кіші соғыс» жүргізіп отырғандығы арқасында желтоқсанның аяғында Наполеон әскерінің қалдықтары Ресейден түпкілікті қуылды. 

   Бородино шайқасы XIX ғ. ең қанқұйлы шайқастардың бірі болып табылады. Ең қарапайым есептеу бойынша шайқастың әр сағатында соғыс даласында 2500 адамнан қаза болып отырған. Кейбір дивизиялар өздерінің құрамының 80%-нан айырылған.

   Көрмеге 1812 жылғы Отан соғысы мен Бородино шайқасының тарихы, соғыс қимылдарының барысы және қаһармандары туралы әдебиеттер қойылған.   

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование