KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 11 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909570
2019 жылы:  43285
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Әлем әдебиеті қызметі / «Ұлы Жеңіс – мәңгі есімізде»

    «Ұлы Жеңіс – мәңгі есімізде» 

    «Ұлы Жеңіс – мәңгі есімізде» кітап көрмесі 1945 жылы 9 мамырда КСРО-ның фашистік Германияны жеңуі мерекесіне орайластырылған.

   Көрменің ашылу салтанаты аясында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы және ТМД-ның шет елдердегі отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық ісі жөніндегі федералды агенттігі «Белгісіз соғыс... Шығыс майданы» атты бірегей электронды басылымды сыйға тарту рәсімін өткізді. Ол 1978 жылы кеңес, неміс және ағылшын-американдық кинохроникалары негізінде жасалған Роман Карменнің «Белгісіз соғыс» фильмінің толық нұсқасын қамтыған электронды басылым (Берт Ланкастердің комментарийімен бірге 52 минуттық 20 серияны құрайды).

   Екінші Дүниежүзілік соғыс (1939-1945) – адамзат тарихында ең ірі соғысқа айналған екі әлемдік әскери-саяси коалиция соғысы. Бұл соғысқа әлемнің 72 мемлекеті қатысты (сол кездегі бүкіл жер шарының 80%). Әскери-соғыс қимылдары үш құрлықтың  және төрт мұхиттың аумағында жүргізілді. Бұл соғыс атом қаруы қолданылған жалғыз қақтығыс болып табылады. 

   Сталинград шайқасы – 1942 жылдың 17 шілдесінен 1943 жылдың 2 ақпанына дейінгі аралықта бір жағынан КСРО әскерлері, екінші жағынан Үшінші Рейхтің, Румынияның, Италияның,  Венгрияның қарулы күштері қатысқан ірі шайқас.

   Бұл шайқас Екінші Дүниежүзілік соғыстағы ең маңызды оқиғалардың бірі, әрі Курскідегі шайқаспен қатар соғыс барысын өзгерткен шешуші шайқастардың бірі болып табылады. Осы маңызды шайқастардан соң неміс әскерлері стратегиялық басымдылығынан айрылды. Вермахттың жоспары бойынша Германияның әскерлері Еділдің сол жағалауы мен Сталинградтың (қазіргі Волгоград) өзін басып алуы керек еді. Алайда қаладағы жанкешті қантөгіс және қызыл әскерлердің қарсы шабуылының («Уран операциясы») нәтижесінде Вермахттың  6-шы әскері мен фашистік Германия одақтастарының  әскерлері қаланың ішінде, әрі маңайында қоршауға алынды. Бір бөлігі талқандалды, ал бір бөлігі тұтқынға алынды.

   Сталинград шайқасы – адамзат тарихындағы қантөгісті шайқастардың бірі. Бұл шайқаста екі жақтан шамамен 2 миллионнан астам адам шығын болды. 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование