Қазақша     Русский     English
Жоба туралы
Электрондық кітапхана
Кітаптар, журналдар тізімдері
Анықтама-Интернет «Мұнай және газ»
Байланыс:

Тел.: 8(727) 267 28 71
е-mail: edd@nlrk.kz
050013, Алматы қ.,
Абай даңғылы, 14,
1-қабат
барлығы:  126941
2019 жылы:  1
бүгiн:  1
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Мұнай-газ ақпараттық ресурстарының залы / Жоба туралы

Жоба туралы

 2003 жылы «Шеврон» компаниясы ҚР Ұлттық кітапханасының республикадағы бірегей Мұнай-газ ақпараттық ресурстар залын ұйымдастыру жөніндегі жобасын қолдады. Жобаның мақсаты – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мұнай-газ тақырыбына қатысты ақпараттарды жедел ұсыну.
Келушілерге мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау технологиясы, мұнай және газ өндіру, мұнай-газ кен орындары, тұрақты даму, экология және тағы басқа мәселелер жөніндегі жаңа ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, оқу құралдары мен журналдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынылады. Кітапхананың электрондық каталогы, EBSCO толықмәтінді дерек қоры, мұнай-газ компаниялары сайттарының интернет-анықтамалығы арқылы ақпараттарды іздестіру, электрондық оқулықтарды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жоба аясында 115-тен астам мақалаларды қамтитын «Мұнай және газ» толық мәтінді дерек қоры құрастырылып, Ұлттық кітапхананың веб-сайтында ұсынылды. 
Оқырмандар үшін ыңғайлы жұмыс орындары жасақталған, зал компьютерлік және проекциялық техникалармен жабдықталған, тұсаукесерлер, тренингтер және тағы басқа іс-шаралар өткізіліп тұрады. Компьютерлерді, залдағы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін, Интернет ресурстарын пайдалануға, ақпараттарды сақтау үшін жеке тасымалдағыштарды (CD флеш-жады) қолдануға, жеке ноутбуктарды қосуға жағдай жасалған.

Залда Ұлттық кітапхана қорындағы құжаттардың электрондық көшірмелеріне тапсырыс беру мүмкіндігі ұсынылатын Құжаттарды электронды жеткізу қызметі жұмыс істейді.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование