Ғарифолла Құрманғалиев: Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш/ҚР ҰК.- Алматы,2008.- 50 б.- Қаз., орыс тілдерінде.- «Қазақстан өнері» сериясы. Көрсеткішті құрастыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан: өткені мен бүгіні» мәліметтер қоры, кітап қоры, анықтамалық-библиографиялық аппараты (каталогтар, картотекалар, анықтамалық-ақпараттық қор), Ұлттық кітап палатасының басылымдары қаралды. Көрсеткіш соңында көмекші құрал ретінде Ғ.Құрманғалиевтің шығармаларының, есімдердің, басылым аттарының алфавиттік көрсеткіштері берілген.
Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық әртісінің өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналған.
Қазақстан тарихы (көне дәуірден ХХ ғасырдың бас кезіне дейін): Библиографиялық көрсеткіш /ҚР ҰК. Құраст.: М.Әбілова, О.Құспанова.- Алматы: «Мектеп», 2008. - 344 б. - Қаз. тілінде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қазақстан тарихы» (көне дәуірден ХХ ғасырдың бас кезіне дейін)» атты библиографиялық көрсеткішті дайындап шығарды. Көрсеткіш ежелгі дәуірден бастап Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша 1985 жылдан 2006 жылдың желтоқсан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген әдебиеттерді қамтиды. Библиографиялық құрал тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және жалпы оқырман қауымға арналған.
История Казахстана (с древнейших времен до начала ХХ века): библиогр. указ. лит. /Сост.: А.Нурсеитова, А.Сайдембаева. - Алматы: Изд-во «Мектеп», 2008.- 232 с. - Рус. яз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «История Казахстана (с древнейших времен до начала ХХ века)» атты библиографиялық көрсеткішті дайындап шығарды. Көрсеткіш ежелгі дәуірден бастап Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихының мәселелері бойынша 1985 жылдан 2006 жылдың желтоқсан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген әдебиеттерді қамтиды. Библиографиялық құрал тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға және жалпы оқырман қауымға арналған. Орыс тілінде.
Художественная литература Казахстана (1958-1967): библиогр. указ. лит. /Сост.: А.Нурсеитова, А.Сайдембаева. - Алматы: Изд-во «Мектеп», 2008. - 320 с. - Рус.яз.
Художественная литература Казахстана (1958-1967): библиографиялық көрсеткіші 1958 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялық көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1958-1967 жылдар аралығында орыс тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді.Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған. Орыс тілінде.
Қазақстанның көркем әдебиеті (1958-1967): Библиографиялық көрсеткіш (екі кітаптан тұрады) /ҚР ҰК; Құраст.: А.Нұрсейітова, Ә.Сәйдембаева. - Алматы: «Мектеп», 2008.- 1-кітап. - 352 б. - Қаз., тілінде.
Қазақстанның көркем әдебиеті (1958-1967): библиографиялық көрсеткіші 1958 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялык көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1958-1967 жылдар аралығында қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді.Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.
Қазақстанның көркем әдебиеті (1958-1967): Библиографиялық көрсеткіш (екі кітаптан тұрады) /ҚР ҰЕ; Құраст.: А.Нұрсейітова, Ә.Сәйдембаева. - Алматы: «Мектеп», 2008.- 2-кітап.- 384 б. - Қаз. тілінде.
«Қазақстанның көркем әдебиеті» (1958-1967) библиографиялық көрсеткіші 1958 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялык көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1958-1967 жылдар аралығында қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар көпшілік оқырман қауымға арналған.
|