KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14888880
2019 жылы:  22595
бүгiн:  1
қазiр:  24
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ғылыми-әдістемелік қызметі

                                                                            Ғылыми-әдістемелік қызметі

Қызмет жетекшісі:
Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-73
e-mail: metod_nlrk@mail.ru; gmakhanbetova@nlrk.kz 

Негізгі бағыттары:
  • Қазақстандағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайын зерттеп, талдау және дамуын болжау;
  • Республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;
  • кітапхана ісіндегі өзекті тақырыптар және ҚР Ұлттық кітапхана тарихы бойынша іргелі қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне және республика кітапханаларына кітапханатанулық зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары және кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; 
  •  ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің және республика кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
  • Кітапханатану залында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету.

Негізгі міндеттері:

  •  Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорын жүргізу, республика көпшілік кітапханалары қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;
  • кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеу;
  • кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, ғылыми ақпаратпен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, ҚР Ұлттық кітапхана және республика кітапханалары қызметіне инновациялық үрдістерді енгізуге әдістемелік көмек көрсету; 
  •  кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;
  • республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен, ҚР Кітапханалар Ассоциациясымен, алыс және жақын шетел кітапханаларымен және т.б. қоғамдық ұйымдармен, ассоциациялармен әріптестік қарым-қатынас орнату;
  • республика көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу, жарияланымдар дайындау;
  • ҚР Ұлттық кітапхана Ғылыми Кеңесінің және Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
  • Кітапханатану залында оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

Құрылымы:

  • Кітапхана ісінің дамуын болжау мен дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тобы; 
  • Кітапханатану залы.

Кітапхана қызметін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық құжаттар

Қазақстан кітапханаларының анықтамалығы

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование