Әлем әдебиеті қызметі
Қызмет жетекшісі: Тұяқова Салима Тоқтасынқызы
Негізгі бағыттары:
- оқырмандарға кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету; - оқырмандарға қызмет көрсету ісіне автоматтандырылған үдерістерді енгізу.
Негізгі қызметтері:
- оқырмандарға сапалы және жылдам қызмет көрсету, оларға білімнің барлық салалары бойынша әлем тілдеріндегі әдебиеттер қорын, Кітапхана ресурстарын барынша пайдалану үшін ақпараттық-кітапханалық қызметтер жиынтығын ұсыну; - қосалқы қорды өзекті әрі оқырмандар сұранысына ие әдебиеттермен толықтыру; - оқырмандардың тапсырыстарды бойынша электрондық жеткізу үшін құжаттар іріктеу; - оқырмандар қажеттіліктерін, ақпараттық сұранымдар тақырыптарын зерттеп-зерделеу; - қосалқы қорды сақтау және күтіп ұстау режимдерін бақылау; - жаңа түскен басылымдар және тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру; - оқырмандарға оқу залдарында қалыпты жағдайлар жасау.
Құрылымы:
- орыс тіліндегі әлем әдебиетімен қызмет көрсету тобы; - шетел тілдеріндегі әлем әдебиетімен қызмет көрсету тобы; - халықаралық кітап бұрыштарымен жұмыстар жүргізу тобы.
|